Размер шрифта:
«Балалар қауіпсіздігі тренерлерін даярлау» курсы аясында педагогтерге арналған шеберлік-сыныптар
13-05-2021 09:06
«Балалар қауіпсіздігі тренерлерін даярлау» курсы аясында  педагогтерге арналған шеберлік-сыныптар

2021 жылдың 12, 13 мамырында «Ангел» балалар қауіпсіздігі орталығының басшысы Зарина Джумагулова «Балалар қауіпсіздігі тренерлерін даярлау» бағдарламасы бойынша педагогтер үшін қазақ және орыс тілдерінде офлайн-форматта шеберлік-сыныптар өткізді.

Топтық жұмыс барысында курс тыңдаушылары жағдаяттық есептерді шешіп, педагогтермен, ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру және оқушылармен сабақ өткізу туралы мәселелерді талқылады.

Барлық модульдерден және соңғы тестілеуден өткен педагогтерге сертификаттар тапсырылды.