Размер шрифта:
ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ АЯСЫНДА БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСЫ
13-05-2021 09:08
ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ АЯСЫНДА БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСЫ

2021 жылдың 13 мамырында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен «Функционалдық  сауаттылық – білім беру сапасын жақсартудың аса маңызды шарты» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияның биология және химия пәндері бойынша секциялық отырысы өткізілді. 

Секциялық отырыстың тақырыбы: «Ғылыми-жаратылыстану пәндерін оқытуда функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың заманауи тәсілдері мен әдістері».

Облыс бойынша барлығы 274 педагог қатысты.

Секциялық отырыс аясында келесі педагогтер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:

Кондратова Тамара Сергеевна, Осакаров ауданы, «№9 гимназия базасындағы тірек мектебі (РО)» КММ биология және химия пәнінің мұғалімі;

Жаймина Гаухартас Абиятовна, Уркумбаева Шарбан Тентекбаевна, Бұқаржырау ауданы, «Көкпекті ЖОББМ» биология пәнінің мұғалімдері;

Жанайдарова Камария Ажибековна, Жезқазған қаласы «Қаныш Сәтбаев атындағы №7мектеп-лицей»КММ химия пәнінің мұғалімі;

Смирнова Нелли Робертовна, Қарағанды қаласы «№23 ЖББМ» КММ биология және химия пәнінің мұғалімі

Кокенай Алтынуя, Жезқазған қаласы, «№11 ЖББМ» КММ биология және химия пәнінің мұғалімі.