«Функционалдық сауаттылық-білім беру сапасын арттырудың аса маңызды шарты» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция
14-05-2021 12:05
«Функционалдық сауаттылық-білім беру сапасын  арттырудың аса маңызды шарты» облыстық  ғылыми-тәжірибелік конференция

Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 14 мамырда ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде облыстық ғылыми–практикалық конференциясының пленарлық отырысы өтті.

Тақырыбы: «Білім беру үдерісінде оқушылардың, педагогтердің функционалдық сауаттылығын дамыту үдерістерін ұйымдастыру-басқару, ғылыми-әдістемелік және психологиялық-педагогикалық көмек көрсету».

Пленарлық мәжілісте сөз сөйлегендер:

1. Кенешова Раиса Амиртаевна, «№ 101 мектеп-лицейі» КММ директоры, Қарағанды қаласы;

2. Смайлов Қайрат Құлыбекұлы, «№16 ЖББМ» КММ директоры Сәтбаев қаласы;

3. Қуанышбекова Шарбан Әбілқасымқызы, Жезқазған қаласы Білім бөлімінің әдіскері;

1. Игенова Айгул Ахмашовна, «Білім-инновация» КММ № 1 лицей-интернатының қазақ тілі пәні мұғалімі»;

2. Хон Любовь Сергеевна, «Қ.Сәтпаев атындағы №38  гимназия» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, Қарағанды қаласы;

3. Спатаева Шырақ Сағындыққызы, «Зияткер» ММИ тарих пәнінің мұғалімі;

4. Игнатьева Наталья Петровна, «Бірінші Теміртау классикалық лицейі» КММ информатика пәнінің мұғалімі.

Ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылар іс-шараның жақсы ұйымдастырылғанын және оның маңыздылығын атап өтті.

Секциялық отырысқа облыстың 180-нен астам педагогы қатысты.