Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылдың 11-14 мамыр аралығында Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының жүйелік әкімшілерге, инженерлерге, компьютерлік технологиялар саласындағы зертханашыларға арналған «Жергілікті желілер сарапшысы» облыстық байқауын өткізді.
Байқаудың негізгі мақсаты: жүйелік әкімшілердің, инженерлердің, компьютерлік технологиялар саласындағы зертханашылардың практикалық дағдыларын жетілдіру, теориялық білім деңгейін арттыру.
Байқау қашықтықтан 2 кезеңде өтті.
2021 жылдың 11 мамырында байқаудың бірінші кезеңі өтті. 77 қатысушының ішінен байқаудың екінші кезеңіне 30 қатысушы өтті.
«Жергілікті желілердің сарапшысы» облыстық байқауының қорытындысы:
1 орын - Ибраев Еркебұлан Қарағанды қаласы, №36 ЖББМ КММ инженері;
2 орын - Құдайбергенов Бірлік Абай ауданы «Абай атындағы ЖББМ» инженері;
3орын - Бакирова Аийда Қарағанды қаласы «Сәкен Сейфуллин атындағы гимназиясы» жүйелік әкімшісі;
3 орын - Мустафина Гульнур Жезқазған қаласы «№13 ЖББМ» КММ информатика пәнінің мұғалімі.
Байқаудың жеңімпаздарын құттықтаймыз.
Барлық қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!!!