Жергілікті желілер сарапшысы
14-05-2021 09:18
Жергілікті желілер сарапшысы

 

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылдың 11-14 мамыр аралығында Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының жүйелік әкімшілерге, инженерлерге, компьютерлік технологиялар саласындағы зертханашыларға арналған «Жергілікті желілер сарапшысы» облыстық байқауын өткізді.

Байқаудың негізгі мақсаты: жүйелік әкімшілердің, инженерлердің, компьютерлік технологиялар саласындағы зертханашылардың практикалық дағдыларын жетілдіру, теориялық білім деңгейін арттыру.

Байқау қашықтықтан 2 кезеңде өтті.

2021 жылдың 11 мамырында байқаудың бірінші кезеңі өтті.                            77 қатысушының ішінен байқаудың екінші кезеңіне 30 қатысушы өтті.

 

«Жергілікті желілердің сарапшысы» облыстық байқауының қорытындысы:

1 орын -  Ибраев Еркебұлан Қарағанды қаласы, №36 ЖББМ КММ инженері;

2 орын - Құдайбергенов Бірлік Абай ауданы «Абай атындағы ЖББМ» инженері;

3орын - Бакирова Аийда Қарағанды қаласы «Сәкен Сейфуллин атындағы гимназиясы» жүйелік әкімшісі;

3 орын - Мустафина Гульнур Жезқазған қаласы «№13 ЖББМ» КММ информатика пәнінің мұғалімі.

 

Байқаудың жеңімпаздарын құттықтаймыз.

Барлық қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!!!