«Қашықтықтан BOOM» облыстық жобасы аясында «Заманауи информатика сабағы» облыстық бейнесабақтар байқауы
18-05-2021 17:54
«Қашықтықтан BOOM» облыстық жобасы аясында «Заманауи информатика сабағы» облыстық бейнесабақтар байқауы

2021 жылдың 18 мамырында онлайн форматта ZOOM конференциясы арқылы «Заманауи информатика сабағы» облыстық байқауының нәтижелері жариялау өтті.

Байқаудың мақсаты білім беру бейнесабақтарын құру технологияларын пайдалануда педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту, заманауи педагогикалық тәжірибені жалпылау және танымал ету, бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістігінде педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттілігін арттыру болып табылады.

Байқау 2 кезеңде өтті:

I кезең – аудандық/қалалық деңгей, 2021 жылдың 19 сәуірі мен 11 мамыр аралығында өткізілді.

II кезең – облыстық деңгей, 2021 жылдың 12-18 мамыр аралығында өткізілді.

Байқаудың облыстық кезеңінде барлығы 31 бейнесабақ қаралды.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз. 

      

І орын – Жезқазған қаласының №8 гимназиясының информатика пәні мұғалімі Ершуманова Кызгалдак Мухаметгалиевна;

II орын – Балқаш қаласының №1 ЖББМ информатика пәні мұғалімі Клементьева Олеся Сергеевна; 

III орын – Саран қаласының №6 ЖББМ информатика пәні мұғалімі  Конзаева Ирина Петровна;

III орын – Шахтинск қаласының Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі  Есмаганбетова Нүргүль Садуакасовна.

«Үздік кәсіби тәсіл» номинациясында «Ақпараттық технологиялар» ММЛИ информатика пәнінің мұғалімі Аскарова Гульмира Муратовна дипломмен марапатталады; 

«Зерек ұстаз» номинациясында Қарағанды қаласының №101 мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Болатбекова Акбота Багдатовна дипломмен марапатталады; 

«Тәсілдің өзіндік ерекшелігі» номинациясында Ұлытау ауданының №1 тірек мектебі (РО) информатика пәні мұғалімі  Аханова Маржан Қайратқызы дипломмен марапатталады. 

 

Сондай-ақ, байқаудың барлық қатысушылары алғыс хаттармен марапатталады.