Размер шрифта:
Қосымша білім беру ұйымдарына арналған қазақ халық аспаптары бөлімдерінің вебинары
18-05-2021 16:11
Қосымша білім беру ұйымдарына арналған қазақ халық аспаптары бөлімдерінің вебинары

2021 жылдың 18 мамырында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы  және Қарағанды қаласының №1 Балалар музыка мектебі Қарағанды облысының қосымша білім беру ұйымдарының қазақ халық аспаптары бөлімдерінің педагогтеріне арналған «Қыл-қобыз, прима-қобыз, домбыра, жетіген аспаптарында заманауи білім берудің мәселесі және ұлттық аспаптарда халық әндерінің орындалу ерекшеліктері» тақырыбындағы вебинарын өткізді.

Вебинарға Қарағанды қаласының №1 Балалар музыка мектебінің қазақ халық аспаптары бөлімшесінің, Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің, сондай-ақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының педагогтері қатысты.

Жұмыс тәжірибелерімен бөлісті: Қарағанды қаласының №1 Балалар музыка мектебінің оқытушылары Жакупова Мадина, Сейфулгазина Жазира, Садыкова Жаркынгуль, Катия Толепберген; мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқытушысы Оразбекова Марал; Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің «Арай» ансамблінің көркемдік жетекшісі, Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің «Дәстүрлі ән айту» бөлімінің меңгерушісі Аркенов Дәуренбек; Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің солисті, Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің оқытушысы Гульмира Тапай; Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің оқытушысы Әбдіғалым Азат. 

Вебинарға Қарағанды облысының қосымша білім беру ұйымдарынан 45 педагог қатысты.