«Шеберлік шыңы» атты аға тәлімгерлер мектебі
19-05-2021 15:22
«Шеберлік шыңы» атты аға тәлімгерлер мектебі

2021 жылдың 19 мамырында Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының аға тәлімгерлері үшін қашықтықтан, жазғы каникулдағы балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын ұйымдастыру мен қамтылуын қамтамасыз ету және ұйымдастырылуы бойынша «Шеберлік шыңы» атты аға тәлімгерлер мектебінің соңғы (ІІІ модуль) оқыту семинары өтті. Оқыту семинары қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді. 

Семинар спикелері: Облыстық эксперттік кеңестің хатшысы Сарсекеева Гульмира Сериковна; Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Казиева Ансаган Алпысбаевна; Приозерск қаласының «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының директоры Попченко Светлана Борисовна және осы орталықтың оқытушысы Турдыбаева Гулжайна Келдибаевна; «ӨКМ операторы» ЖШС экотренері Касымова Мариям; Теміртау қаласының «Б. Момышұлы атындағы мектеп-лицейі» КММ директордың тәрбие орынбасарлары Азимбаева Гулнара Магауянова, Журинтаева Жупар Саятовна.