2021 жылдың 21 мамырында Zoom платформасында директорлардың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігі отырысы өтті.
Отырысқа техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 50 орынбасары қатысты.
Отырыс барысында облыс колледждерінің келесі педагогтері өз тәжірибелерімен бөлісті:
1. Яшукова Елена Александровна, «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары, «Өндірістік оқыту және кәсіптік практика шеңберінде кәсіпкерлік дағдыларды дамыту бойынша әлеуметтік әріптестермен бірлескен қызмет» бағыты бойынша жұмыстың презентациясы» тақырыбында;
2. Шамекенова Рауна Даулетхановна, «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ директорының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары, «Тамақтандыруды ұйымдастыру» және «Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану» мамандықтары бойынша «Жас маман» жобасын іске асыру жолдары» тақырыбында;
3. Абдиханиева Нурбану Бауыржановна, Оразалиева Айгерим Алимжановна, «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ өндірістік оқыту шеберлері, «Сүт өнімдерін өндіру» мамандығы бойынша мастер-класс өткізу» тақырыбында;
4. Давильбекова Ляззат Копейовна, «Абай көпсалалы колледжі» КМҚК директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары, «Жас маман» жобасын жүзеге асыру: мәселелер мен шешу жолдары» тақырыбында.
Отырыс соңында ОӘБ төрайымы Нурсалиева Жанат Ахмедьяновна рефлексия жүргізіп, отырыстың жұмысын қорытындылау барысында қатысушылармен 2021-2022 оқу жылына арналған ОӘБ жұмыс жоспарының жобасын талқылады.