«Шағын жинақты мектептің Үздік мұғалімі» облыстық байқауы
21-05-2021 11:28
«Шағын жинақты мектептің Үздік мұғалімі»  облыстық байқауы

            Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырылуымен 2021 жылдың 21 мамыр күні «Шағын жинақты мектептің Үздік мұғалімі» облыстық байқауының үшінші қорытынды кезеңі өтті.

 Байқаудың мақсаты: Шағын жинақты мектеп мұғалімдерінің инновациялық педагогикалық тәжірбиесін анықтау және бағалау, ШЖМ-де пәндердің оқыту деңгейін арттыру.

Байқау 3 кезеңде өткізілді. Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша 2-ші кезеңге селолық аудандардың және Жезқазған қаласының шағын жинақты мектептерінің 10 мұғалімі қатысты. 

Ұсынылған байқау құжаттарының талдауының қорытындысы бойынша ақтық кезеңге 5 қатысушы анықталды.

 Байқаудың 3-ші ақтық кезеңінің қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталды:

I -орынды Ұлытау ауданы, Байқоңыр ауылы, жалпы білім беретін № 17 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Абжанова Молдир Азиевна.

II-орынды– Абай ауданы, Қоянды ауылы, «Қоянды негізгі орта мектебінің» география пәні мұғалімі Жанат Исламбек.

III-орынды– Ақтоғай ауданы, «Қошқар  жалпы білім беретін орта мектебінің» математика пәні мұғалімі Кусайынова Бағлан Даулетқызы.  

 

ЖҮЛДЕГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!