2021 жылдың 21 мамырында Zoom платформасында және YouTube-арнасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК «Жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру «Шеберлікке қадам» тақырыбындағы Қарағанды облысы ТжКББ ұйымдарының жас инженер-педагог қызметкерлеріне арналған тренинг-коучинг өткізді.
Тренинг-коучингке облыс колледждерінен ZOOM платформасы арқылы 100 және YouTube-арнасында 89 жас инженер-педагог қызметкерлер қатысты.
Іс-шара барысында колледждің келесі инженерлік-педагогикалық қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісті:
1.Коучинг: «Жас педагогтың тұлғалық және кәсіби өсуі» - Валиева Айман Галымжановна, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» ҚМКК арнайы пән оқытушысы;
2.Коучинг: «Softskills - шығармашылық 21 ғасыр құзыреттілігі» - Советова Гульнур Алматовна, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» ҚМКК арнайы пән оқытушысы;
3.Коучинг: «Инновация саласындағы құзыреттілік жас маманның кәсіби қабілеттілігінің факторы ретінде» - Баярхуу Мира Байкеновна, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» ҚМКК ЦӘК төрайымы, арнайы пән оқытушысы;
4.Тренинг: «Қазіргі жағдайда жас маманның психологиялық құзыреттіліктерінқалыптастыру» - Алмешева Арайлым Абайбековна, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» ҚМКК арнайы пән оқытушысы;
5.Тренинг: «Жас маманның әдістемелік құзыреттілігін қалыптастыру» -Тойбекова Жанар Айткалиевна, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» ҚМКК арнайы пән оқытушысы;
6. Тренинг: «Кәсіби-коммуникативтік құзыреттілік жас маманның кәсіби жетістігінің кепілі» - Жумкина Дидар Боранкуловна, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» ҚМКК ЦӘК төрайымы, арнайы пән оқытушысы.
Аталған барлық тренинг-коучингтер жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етті.
Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс хаттар және сертификаттар табысталды.