2015 жылдың 29-30 қазан күндері білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында Қазақстандық Оқу Ассоциациясының сыни тұрғыдан ойлау бойынша оқыту семинары өтті. Мұғалімдер Валентина Назарова, Шолпан Нуржанова, Замзагуль Ахметова тренерлерінің шеберлік сабақтарына қатысып, Теміртау қаласының №9 мектеп-лицейі мұғалімдерінің ашық-сабақтарына кірді. Сондай-ақ, сын тұрғысынан ойлауды дамыту мәнмәтінінде сабақ құрылымы мен мазмұнын талдауын жасады. Сабақтар жүргізілген мектептің директоры, ассоциация тренері - Нургалиева Куралай Акназаровна, ал мұғалімдер – сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың практиктері. Сонымен қатар, 15 сыныптың есігі қатысу үшін ашылды: математика, орыс тілі және әдебиеті, бастауыш сынып сабақтары және т.б.
Семинардың тәжірибелік бағыты қатысушыларға оқытудың мәселелеріне басқа жақтан қарауға, білімді жаңартуға және жаңа әріптестерімен, пікірлестермен танысуға мүмкіндік берді.