2021 жылдың 21 мамырында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Web-мастер» жобасы аясында «Сайт құру» облыстық байқауының екінші кезеңін өткізді. «Web-мастер» жобасы ағымдағы оқу жылынан бастап іске асырылды. Осы оқу жылында жоба аясында облыс мұғалімдеріне «Web-дизайн» курсы, сонымен қатар «Сайт құру» шеберлік-сыныбы өткізілді.
Сондай-ақ, жоспарға сәйкес «Сайт құру» облыстық байқауы жоспарланған.
Байқаудың мақсаты: танымдық қызығушылықты қалыптастыру, инновациялық құзыреттілікті, WEB-технологиялар саласындағы шығармашылық қабілеттерді дамыту, сондай-ақ облыстың білім беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды дамыту.
Байқау 2 кезеңде өтті:
• I кезең 2021 жылдың 14-22 сәуір аралығында аудандық, қалалық деңгей өткізілді. Байқаудың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар екінші кезеңге жіберілді.
• II кезең 2021 жылдың 21 мамырында өткізілді. Байқаудың күндізгі кезеңінде қатысушылар өздерінің Web-сайттарын қорғады.
2021 жылдың 24 мамырында ZOOM платформасында байқауға қатысушыларды марапаттау өтті.
Байқаудың барлық жеңімпаздарын құттықтаймыз!
«Сайт құру» облыстық байқауының қорытындысы:
1 орын
• Қарағанды қаласының «М. Жұмабаев атындағы гимназия» КММ информатика пәнінің мұғалімі - Омаров Сәтжан Кәрібайұлы;
2 орын
• «Н.Нұрмақов атындағы ММИ» КММ информатика пәнінің мұғалімі - Ибраева Жұлдыз Багеновна
3 орын
• Ұлытау ауданының «№14 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ информатика пәнінің мұғалімі - Бираяков Қалижан Қабылбекұлы;