«Web-мастер» жобасы аясындағы «Сайт құру» облыстық байқауы
24-05-2021 17:04
«Web-мастер» жобасы аясындағы  «Сайт құру» облыстық байқауы

2021 жылдың 21 мамырында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Web-мастер» жобасы аясында «Сайт құру» облыстық байқауының екінші кезеңін өткізді. «Web-мастер» жобасы ағымдағы оқу жылынан бастап іске асырылды. Осы оқу жылында жоба аясында облыс мұғалімдеріне «Web-дизайн» курсы, сонымен қатар «Сайт құру» шеберлік-сыныбы өткізілді.

Сондай-ақ, жоспарға сәйкес «Сайт құру» облыстық байқауы жоспарланған.

Байқаудың мақсаты: танымдық қызығушылықты қалыптастыру, инновациялық құзыреттілікті, WEB-технологиялар саласындағы шығармашылық қабілеттерді дамыту, сондай-ақ облыстың білім беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды дамыту.

Байқау 2 кезеңде өтті:

I кезең 2021 жылдың 14-22 сәуір аралығында аудандық, қалалық деңгей өткізілді. Байқаудың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар екінші кезеңге жіберілді.

II кезең 2021 жылдың 21 мамырында өткізілді. Байқаудың күндізгі кезеңінде қатысушылар өздерінің Web-сайттарын қорғады.

2021 жылдың 24 мамырында ZOOM платформасында байқауға қатысушыларды марапаттау өтті.

Байқаудың барлық жеңімпаздарын құттықтаймыз!

 «Сайт құру» облыстық байқауының қорытындысы:

1 орын

Қарағанды қаласының «М. Жұмабаев атындағы гимназия» КММ информатика пәнінің мұғалімі - Омаров Сәтжан Кәрібайұлы;

2 орын

«Н.Нұрмақов атындағы ММИ» КММ информатика пәнінің мұғалімі - Ибраева Жұлдыз Багеновна

3 орын

Ұлытау ауданының «№14 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ информатика пәнінің мұғалімі - Бираяков Қалижан Қабылбекұлы;