Размер шрифта:
«Шығармашыл кітапханашы - 2021» қашықтықтан өткізілген облыстық байқаудың қорытындысы
28-05-2021 16:03
«Шығармашыл кітапханашы - 2021»  қашықтықтан өткізілген облыстық байқаудың қорытындысы

«Шығармашыл кітапханашы - 2021» қашықтықтан өткізілген облыстық байқау 2021 жылдың 15 сәуірі мен 26 мамыр аралығында өтті.

Байқауда 2 номинация бойынша 180 жұмыс қаралды: «Кітапханалық сабақ» номинациясы, «Бейнеролик» номинациясы. «Ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл», «Қазақтың аса көрнекті ағартушы - педагогі Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» тақырыптары.

Қазылар алқасының мүшелері «Кітапханалық сабақ» номинациясы бойынша конкурстық материалдарды плагиатқа тексерді.

«Кітапханалық сабақ» номинациясы бойынша жеңімпаздарды құттықтаймыз!

I орын - Жукенова Салтанат Рахимбековна, Сәтбаев қаласы, «С.Сейфуллин атындағы гимназия» КММ; Скрепелёва Галина Михайловна, Бұқар Жырау ауданы, «Сарытөбе негізгі орта мектебі» КММ.

II орын – Башарова Гульнар Тайкеновна, Балқаш қаласы, «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ; Маркова Татьяна Алексеевна, Осакаровка ауданы, Молодежный кенті «№26 тірек мектебі (РО)» КММ.

III орын – Рекина Татьяна Витольдовна, Шахтинск қаласы, «№ 11 ЖББМ» КММ; Байтенова Роза Шамуратовна, Сәтбаев қаласы, «№9 ЖББМ» КММ; Толкачева Ирина Александровна, Балқаш қаласы, «№ 10 арнайы мектеп-интернаты» КММ.

Алғыс хаттармен марапатталады: Каукербекова Райхан Сатибековна, Балқаш қаласы, «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназия»  КММ; Алькеева Дина Рахметоллаевна, Жезқазған қаласы, «№8 гимназия» КММ; Маукей Амангул, Шет ауданы, «Мұхтар негізгі орта мектебі» КММ; Галецкая Лариса Владимировна, Саран қаласы, «№ 6 жалпы білім беретін мектебі» КММ; Жолдыбекова Гульжанат Амановна,  Қарағанды қаласы, «№34 ЖББМ» КММ; Миронова Оксана Юрьевна, Қарағанды қаласы, «№ 62 ЖББМ» КММ, Кузембаева Гүлден Қайыркеновна, Қарағанды қаласы, «№18 ЖББМ» КММ.

Құрметті әріптестер!

«Бейнеролик» номинациясы бойынша байқау қорытындысы 2021 жылдың 07 маусымынан кейін жарияланады. 

Дипломдар мен алғыс хаттарды 2021 жылдың 16 маусымынан кейін Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығынан 205 кабинеттен келіп аласыздар.