Размер шрифта:
«Автомобиль көлігі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестік жұмысы аясындағы онлайн семинар
27-05-2021 16:06
«Автомобиль көлігі»  бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестік жұмысы аясындағы  онлайн семинар

2021 жылғы 27  мамырда   Қарағанды облысында  білім беруді дамытудың  оқу-әдістемелік орталығы  «Автомобиль көлігі» бағыты бойынша  ОӘБ қызметі аясында «Түлектерді жұмыспен қамту мәселелерін шешуде колледждің әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық жолдары»  тақырыбында онлайн семинар өткізді. 

Семинарда «Ишим Моторс» ЖШС техникалық жетекшісі Маншин Николай Алексеевич «Оқу орындарымен ынтымақтастық проблемалары, тәжірибесі» тақырыбында сөз сөйледі.

«Қарағанды жоғары политехникалық колледжі»  КМҚК оқытушысы Алексей Викторович Шебалин өз тәжірибелерімен бөлісті. 

Облыс колледждерінен 18  педагог қатысты.

Семинар нәтижесінде білім беру ұйымдары мен әлеуметтік серіктестер арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстар алынды.