Размер шрифта:
Этномузыкатанушы Болат Каракуловты еске алуға арналған «Қарапайым музыка теориясы» пәні бойынша VII облыстық байқауы
28-05-2021 17:32
Этномузыкатанушы Болат Каракуловты еске алуға арналған «Қарапайым музыка теориясы» пәні бойынша VII облыстық байқауы

2021 жылдың 28 мамырында Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің базасында этномузыкатанушы Болат Қарақұловты еске алуға арналған «Қарапайым музыка теориясы» пәні бойынша VII облыстық байқауы өтті.

Байқауға «Өнер» бағыты бойынша колледждер мен мектептердің 33 білімалушылары қатысты.

Байқау жазбаша жұмыс түрінде екі форматта өткізілді: онлайн – ZOOM платформасында және оффлайн-колледж ғимаратында.

Орындар жұмысты орындауға жұмсалған уақыт пен ұпай саны бойынша берілді:

1 орын - Акимов Дамир, «Мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» КММ, жетекшісі Бескровная Анна Владимировна;

2 орын - Полтавский Константин, «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК, жетекшісі Жанабаева Надежда Васильевна;

3 орын - Соломатин Кирилл, «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК, жетекшісі Жанабаева Надежда Васильевна.

Қатысушы Меренцова Елена «Шығармашылық көзқарасы үшін» номинациясы бойынша үздік деп танылды, «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК жетекшісі Жанабаева Надежда Васильевна.

Жеңімпаздар дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.