Музыка мектептеріндегі заманауи сабақ
28-05-2021 18:11
Музыка мектептеріндегі заманауи сабақ

2021 жылдың 28 мамырда ZOOM платформасы арқылы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Қарағанды облысының  балалар музыка мектеп және балалар өнер мектеп мұғалімдеріне арналған «Музыка мектептеріндегі заманауи сабақ » атты онлайн дөңгелек үстел өтті.  

Семинар барысында келесі баяндамалар тыңдалды:

1. Теория пәнінең мұғалімі Ткаченко Е.Г. «Қазіргі замандағы сабақ дегеніміз не? Заманауи білім беру технологиялары және оларды музыкалық мектепте қолдану ерекшеліктері. Минустары мен артықшылықтары»;

2. Теория пәнінең мұғалімі Кусаинова С.К. «Музыка мектебінде жоба әдісін қолдану»; 

3. Теория пәнінең мұғалімі Бескровная А.В « Музыкалық мектепте ойын технологияларын қолдану»; 

4. Кларнет пәні мұғалімі Таликбаева А.Н. « Оқушылардың 3 жылдағы жетістектері»;

5. Фортепиано пәні мұғалімі Кремер Е.А. « Кәсіптік бағдар беру жұмысының мәселелері мен болашағы»

 

 Дөңгелек үстел жақсы әдістемелік деңгейде өтті. Қатысушылар ұйымдастырушыларға пікір алмасуға мүмкіндік бергендері үшін алғыс білдірді, осындай іс-шараларды өткізуге ниет білдіріп, аймақ мектептерінің мұғалімдері арасындағы жемісті ынтымақтастыққа үлес қосты.