Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Туған өлкемнің ауыл шаруашылығының жетістіктері» облыстық онлайн эссе – байқауы
31-05-2021 15:25
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Туған өлкемнің ауыл шаруашылығының жетістіктері» облыстық онлайн эссе – байқауы

2021 жылдың 31 мамырында «Ауыл шаруашылығы» бағыты бойынша ОӘБ жұмысы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған студенттер арасында «Туған өлкенің ауыл шаруашылығының жетістіктері» облыстық онлайн-эссе байқауының қорытындысы шығарылды.

Байқауды ұйымдастырушы «Ақтоғай аграрлық - техникалық колледжі» КММ болды.

Байқаудың мақсаты: студенттерді патриоттық сезімге тәрбиелеу, туған өлкенің тарихы мен мәдениеті туралы білімді дамыту және тереңдету.

Байқауға облыстың 16 колледжінен 20 жұмыс жіберілді.

Байқау қорытындысы:

1 орын - Нұрланов Ерғұлан, «Ғалым Жарылғапов атындағы аграрлық колледжі» КММ, жетекшісі Акенова Ақнұр Камиевна;

2 орын - Бағдат Назерке, «Мыңжасар Әдекенов атындағы Қарақаралы ауылшаруашылық колледжі» КМҚК, жетекшісі Рахымова Айнұр Қуанқызы;

3 орын - Шиллер Виктор, «Теміртау индустриалды-технологиялық колледжі» КММ жетекшісі Васищева Людмила Александровна.

Сонымен қатар, байқау қорытындысы бойынша келесі студенттердің жұмыстарына «Ізденімпаздық пен шеберлік үшін» номинациясы берілді:

Әлирахман Мөлдір, «Жезқазған гуманитарлық колледжі» КМҚК, жетекшісі Темирбеков Мырзатай;

Муздыбаева Карина, «Мыңжасар Әдекенов атындағы Қарқаралы ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК, жетекшісі Дюсембаева Батима Абдикаримовна.