«Сервис» бағыты бойынша облыстық онлайн олимпиада
31-05-2021 16:50
«Сервис» бағыты бойынша  облыстық онлайн олимпиада

2021 жылдың 31 мамырында Zoom платформасында «Сервис» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің жұмысы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған колледж студенттері арасында облыстық онлайн олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.

Облыстық онлайн олимпиада 2021 жылдың 23 сәуірінен 31 мамырына дейін өтті.

Олимпиадаға облыс колледждерінен 14 студент қатысты. 

Әділ-қазылар міндетін Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері, әлеуметтік серіктес және «Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КММ арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері атқарды.

Олимпиада екі кезеңде өткізілді:

1 кезең – қашықтықтан өтті, қатысушылар 2021 жылдың 25 мамырына дейін «Суық тағамдар мен басытқылар дайындау» тақырыбы бойынша бейнеролик жіберді;

2 кезең – Zoom платформасын қолдана отырып «CORE» жүйесінде 2021 жылдың 31 мамырында онлайн-тест түрінде өтті.

Осы күні қазылар алқасы студенттері арасында облыстық-онлайн олимпиадасының қорытындысын шығарып, жеңімпаздарын анықтады.

Олимпиада жеңімпаздары:

1 орын  - Лаврина Алла Алексеевна, «Нұра көпсалалы колледжі» КМҚК студенті; 

2 орын - Жиембаев Диас Тимурович, «Қарағанды индустриалды- технологиялық  колледжі» КММ студенті; 

3 орын - Сайлаубай Дамыс, «Қарағанды коммерциялық  колледжі» ЖММ студенті.

Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Ұйымдастырушыларға олимпиаданы жоғары деңгейде ұйымдастырғандары үшін алғыс хаттар беріледі.