2021 жылдың 31 мамырында Zoom платформасында «Сервис» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің жұмысы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған колледж студенттері арасында облыстық онлайн олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.
Облыстық онлайн олимпиада 2021 жылдың 23 сәуірінен 31 мамырына дейін өтті.
Олимпиадаға облыс колледждерінен 14 студент қатысты.
Әділ-қазылар міндетін Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері, әлеуметтік серіктес және «Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КММ арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері атқарды.
Олимпиада екі кезеңде өткізілді:
1 кезең – қашықтықтан өтті, қатысушылар 2021 жылдың 25 мамырына дейін «Суық тағамдар мен басытқылар дайындау» тақырыбы бойынша бейнеролик жіберді;
2 кезең – Zoom платформасын қолдана отырып «CORE» жүйесінде 2021 жылдың 31 мамырында онлайн-тест түрінде өтті.
Осы күні қазылар алқасы студенттері арасында облыстық-онлайн олимпиадасының қорытындысын шығарып, жеңімпаздарын анықтады.
Олимпиада жеңімпаздары:
1 орын - Лаврина Алла Алексеевна, «Нұра көпсалалы колледжі» КМҚК студенті;
2 орын - Жиембаев Диас Тимурович, «Қарағанды индустриалды- технологиялық колледжі» КММ студенті;
3 орын - Сайлаубай Дамыс, «Қарағанды коммерциялық колледжі» ЖММ студенті.
Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Ұйымдастырушыларға олимпиаданы жоғары деңгейде ұйымдастырғандары үшін алғыс хаттар беріледі.