Размер шрифта:
«Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы аясындағы «Құқық білгірлері» іскерлік ойыны
01-06-2021 08:55
«Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы аясындағы «Құқық білгірлері» іскерлік ойыны

2021 жылдың 1 маусымында  «Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы аясында Теміртау жоғарғы политехникалық колледжі ұйымдастыруымен құқықтық емес мамандықтар студенттері арасындағы «Құқық білгірлері» іскерлік ойыны өтті. 

Сайысқа қатысуға облыс колледждерінің 16 командасынан өтінімдер қабылданды.

Сайыс келесі  үш кезеңнен тұрды:

1 кезең: «Өз ойыным» викторинасы. Іріктеу туры;

2 кезең: «Дидактикалық потенциал»;

3 кезең: «Логика және зейін».

1 іріктеу кезеңі қорытындысы бойынша 8 команда шешуші екі кезеңге өтті.

Сайыс қорытындысы және жалпы ұпайлар саны бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

1 орын — «Фемида» командасы, «Жезқазған жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, жетекшісі Бухарбаева А. Б.

2 орын — «ЗнаТоКи» командасы, «Қарағанды технология және сервис колледжі» КММ, жетекшілері Сагиндикова С.С., Мухамедрахимова А. С.

3 орын — «Демократы» командасы, «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК, жетекшісі Когабаева Н. Ж. 

Жеңімпаздар 1,2 және 3 дәрежелі дипломдармен, ал олардың жетекшілері – алғыс хаттармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.