2021 жылдың 1 маусым күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры Бакиткул Химальдинқызы Абдикерова «Бақытты бала – бақытты ел» республикалық акциясы аясында мектеп парламенті көшбасшылармен кездесу өткізді.
Кездесу оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесі көшбасшыларының әлеуметтік белсенділігін арттыру, мектеп парламенттерінің жұмысын жандандыру, олардың қызметін ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Қарағанды қаласы №45, №36, №38, №92, №9, №103 мектептері және облыстық «Дарын», «Мұрагер», Н.Нұрмақов атындағы, Жамбыл атындағы мектеп-интернартарының өзін-өзі басқару көшбасшылары мен өкілдері, мектеп Парламентінің жұмысы және оқушылардың өзін-өзі басқарудағы әлеуметтік тәжірибені игеру мүмкіндіктері туралы талқылады.