Размер шрифта:
Кәсіби бағдар сағаты «Вебинарлар топтамасы 2021»
01-06-2021 17:27
Кәсіби бағдар сағаты «Вебинарлар топтамасы 2021»

Қазіргі уақытта жоғары сынып оқушыларының кәсіби өзін-өзі анықтауы елдің әлеуметтік-экономикалық жаңғыруы жағдайында жүріп жатыр. Осыған байланысты оқушылар мамандық таңдауға және олардың кәсіби болашағына көп көңіл бөлуге мәжбүр. Табысты мансаптың негізгі шарттарының бірі мамандық пен оқу орнын дұрыс таңдау.

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылғы 26 сәуір мен 31 мамыр аралығында оқушыларға кәсіпті, мамандықты, оқу бейінін таңдауда көмек көрсетуге бағытталған «Кәсіптік бағдарлау сағаты 2021» вебинарлар циклін өткізді.

Аталған іс-шараға Қарағанды облысының барлық ТжКББ ұйымдары (46 мемлекеттік және 23 жекеменшік) қатысты. Колледждер оқушылар алдында ZOOM платформасында онлайн форматта оқу орны туралы барлық ақпарат, қызықты сандар мен фактілер, мамандық туралы толық ақпарат көрсетілген бейнероликтер мен электрондық буклеттерді ұсынды,.

Сапалы кері байланыс және оқушыларды қосымша ақпараттандыру мақсатында оқу-әдістемелік орталықпен Қарағанды облысының ТжКББ ұйымдарының бейнероликтері орналастырылған «Кәсіптік бағдарлау»  YouTube арнасы құрылды.