«Мемлекеттік рәміздер – менің елімнің мақтанышы» облыстық бейнероликтер онлайн-байқауының нәтижелерін шығару
04-06-2021 09:24
«Мемлекеттік рәміздер – менің елімнің мақтанышы» облыстық бейнероликтер онлайн-байқауының нәтижелерін шығару

2021 жылдың 4 маусымында Қарағанды облысы колледждерінің студенттері арасында «Мемлекеттік рәміздер – менің елімнің мақтанышы» облыстық онлайн – бейнероликтер байқауының нәтижелері шығарылды. Байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында жастар арасында патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу және ұлттық мерекелерді насихаттау мақсатында өткізілді.

Іс-шараны Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және Сәтбаев индустриалдық колледжі ұйымдастырды. Байқауға облыс колледждерінің 32 студенті қатысты.

Қазылар алқасы келесі жеңімпаздарды анықтады:

1 орын – Әбенов Б., Иртаева Е., Нұргелді Н., Қарағанды техника-құрылыс колледжі, жетекшісі Байғошқаров Ғ.М.;

2 орын - Муханбедяр И., Жезқазған технология және сервис колледжі, жетекшісі Абдрахманова С. К.;

3 орын – Атапина У., Рашевская А., Жезқазған технология және сервис колледжі, жетекшісі Сейткали А. Ө.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!