«Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы аясындағы «Өмір құндылықтары» облыстық эссе байқауы
04-06-2021 09:26
«Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы аясындағы «Өмір құндылықтары» облыстық эссе байқауы

2021 жылдың 4 маусымында қашықтықтан ZOOM  платформасында «Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы аясында Шахтинск технологиялық колледжінің ұйымдастыруымен «Өмір құндылықтары» облыстық эссе байқауы өтті. 

Байқауға облыстың 25 колледжінің студенттерінен 80-нен астам эссе келіп түсті. 

Сайыс қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

1 орын — Бородихин Кирилл Александрович, «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі Савенко Анастасия Олеговна;

2 орын — Джексенбаева Аружан Руслановна, «Жезқазған жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі Баймуханова Гульшат Уразаевна;

3 орын — Тұяқ Дархан Нұржанұлы, «ҚР Халық қаһарманы»  Ракымжан Қошқарбаев атындағы  Балхаш техникалық колледжі» КММ студенті, жетекшісі Тойғанбаева Асем Мұхаметоллақызы;

3 орын — Кильдичева Вероника Дмитриевна, «Қарағанды сән  колледжі» ЖММ студенті, жетекшісі Стоякина Виктория Анатольевна.

Жеңімпаздар 1,2 және 3 дәрежелі дипломдармен, ал олардың жетекшілері – алғыс хаттармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.