«Бақытты бала – бақытты ел» акциясы және «Өнегелі өмір» жобасы аясында кездесу
04-06-2021 09:29
«Бақытты бала – бақытты ел» акциясы және «Өнегелі өмір» жобасы аясында кездесу

2021 жылдың 04 маусымында «Бақытты бала – бақытты ел» акциясы және «Өнегелі өмір» жобасы аясында қашықтықтан кездесу өтті.

«Кітап әлемінде» тақырыбында өткен кездесуге Қарағанды облысының білім басқармасының «Дарын», «Мұрагер», Жамбыл, Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттарының педагогтері мен оқушылары қатысты.

Кездесу қонақтары: Жазушылар одағаның Қарағанды облыстық филиалының төрағасы, жазушы Серік Сағынтай; жазушы, «Janr» әдеби клубының президенті Есболат Айдабосын; «MAGZHAN» баспасының директоры, жазушы Алмаз Мырзахмет. 

Өмірлерін кітап оқумен, жазушылықпен байланыстырған, тұлғалармен болған кездесуде оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, жазушылармен сұхбаттасты.

Халықтың рухани мұратына қызмет жасап жүрген жазушылармен болған кездесу жас жеткіншектердің кітап оқуға қызығушылығын оятып, оқушыларды жазғы демалыста кітап әлеміне саяхат жасатады деген ойдамыз.