«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ»
09-06-2021 17:22
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ»

9 маусым күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығымен бірлесіп мектепке дейінгі ұйымдарда жазғы сауықтыру кезеңін ұйымдастыру бойынша семинар-кеңес өткізді. 

Кеңесте Республикалық орталық директоры Адамова Манара Елекеновна құттықтау сөз сөйледі. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің басшысы Ерманова Мария Наятовна, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің аға сарапшысы Бликова Жанар Байдәулетовна жазғы сауықтыру кезеңін таныстырды. 

Семинар жұмысына Қарағанды облысының білім бөлімдерінің және мектепке дейінгі ұйымдардың 300-ден астам әдіскерлері қатысты. 

Әріптестердің пікірінше, семинар кәсіби жоғары деңгейде өткізіліп, семинарға қатысушылар үлкен қызығушылық танытты.