2021 жылдың 10 маусымында Zoom платформасында педагогикалық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының аясында Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі ұйымдастыруымен практикалық семинар өтті.
Семинарға облыс колледждерінің 28 өкілі қатысты.
Семинарда облыс колледждерінің педагогтары келесі тақырыптар бойынша өз тәжиребелерімен бөлісті:
1. «Кредиттік оқыту технологиясын нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету», Ишанкулова Р.М., «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;
2. «Силлабустарды құрастыру технологиясы», Капанова И.Х., «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары;
3. «Білім алушыларды кредиттік технология бойынша бағалау», Шаповалова Н.П., «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
Семинар соңында ОӘБ төрайымы Шаповалова Н.П. отырыс қатысушыларымен келесі оқу жылына ОӘБ жұмысының жоспарын талқылады.