Педагогикалық пәндер оқытушыларының ОӘБ жұмысының аясындағы практикалық семинар
Педагогикалық пәндер оқытушыларының ОӘБ жұмысының аясындағы практикалық семинар

2021 жылдың 10 маусымында Zoom платформасында педагогикалық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының аясында Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі ұйымдастыруымен практикалық семинар өтті.

Семинарға облыс колледждерінің 28 өкілі қатысты.

Семинарда облыс колледждерінің педагогтары келесі тақырыптар бойынша өз тәжиребелерімен бөлісті:

1. «Кредиттік оқыту технологиясын нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету», Ишанкулова  Р.М., «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;

2. «Силлабустарды құрастыру технологиясы», Капанова И.Х., «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары;

3. «Білім алушыларды кредиттік технология бойынша бағалау», Шаповалова Н.П.,  «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Семинар соңында ОӘБ төрайымы Шаповалова Н.П. отырыс қатысушыларымен келесі оқу жылына ОӘБ жұмысының жоспарын талқылады.