Колледж студенттері арасындағы «Колледж студенттің көзімен» облыстық қашықтықтан онлайн байқауы
11-06-2021 16:52
Колледж студенттері арасындағы  «Колледж студенттің көзімен»  облыстық қашықтықтан онлайн байқауы

2021 жылдың 11 маусымында  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу–әдістемелік орталығы «Колледж студенттің көзімен» видеороликтерінің облыстық қашықтықтан онлайн байқауын өткізді.

Қазіргі уақытта жоғары сынып оқушыларының кәсіби өзін-өзі анықтауы елдің әлеуметтік-экономикалық жаңғыруы жағдайында жүріп жатыр. Осыған байланысты оқушылар мамандық таңдауға және өздерінің кәсіби болашағына көп көңіл бөлуге мәжбүр. Табысты мансаптың негізгі шарттарының бірі мамандық пен оқу орнын дұрыс таңдау.

Байқаудың нәтижелері ZOOM платформасында онлайн режиміндде өтті.

Байқауға 10 студеттен өтінімдер қабылданды.

Ұсынылған видеороликтер қаралып, критериалды бағаланып, келесі жеңімпаздар анықталды:

1 орын - «Жезқазған гуманитарлық колледжі» КМҚК студенттері Абжанова Алма, Қаламшәріп Ажар, жоба жетекшісі Ныгызбаева Перизат Танауовна, информатика пәнің оқытушысы;

2 орын - «Жезқазған гуманитарлық колледжі» КМҚК студенттері Тағыбергенова Ақжүніс, Ақылбекова Дильназ, жоба жетекшісі Калжанова Гулфайруз Мухтаровна, директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары;

3 орын  - «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенті Козеняшева Юлия Игоревна, жоба жетекшісі Архипова Алиса Сергеевна, экономикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі.

«Өзіне өзі режиссер» номинациясы бойынша «Қарағанды индустриалды-технологиялық  колледжі» КММ студенттері  Харитонова Наталья, Михаил Ли, Жанашеваа Жанель, Король Яна, жоба жетекшісі Акедилова Маржан Куанышевна, қосымша білім беру педагогы марапатталды.

Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.