Нашақорлықтың алдын алу және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша дөңгелек үстел
11-06-2021 12:38
Нашақорлықтың алдын алу және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша дөңгелек үстел

2021 жылдың 11 маусымында Қарағанды облысы білім беру ұйымдары  директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагог-психологтары үшін жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Денсаулық аумағы - шексіз!» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Қарағанды облысы полиция департаментінің өкілдері қатысты: Қарағанды облысы полиция департаменті есiрткi қылмысына қарсы іс-қимыл  бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Александр Владимирович Бузук;  Қарағанды облысы полиция департаменті есiрткi қылмысына қарсы іс-қимыл  аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Кирилл Александрович Корниенко; Қарағанды облысы полиция департаментінің  жергілікті полиция басқармасы қызметінің аса маңызды тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Дәурен Серікұлы Әбілдин.

Озық тәжірибесімен «Денсаулық аумағы – шексіз!» «Бейнеролик» және «Презентация» номинацияларының жеңімпаздары бөлісті. 

Кездесу соңында денсаулық сақтау басқармасының мамандарын тарта отырып, дөңгелек үстел өткізу туралы ұсыныс қаралды.