Қарағанды облысының ТжКББ ұйымдарының жас инженер-педагог қызметкерлеріне арналған «Инженер-педагог қызметкерлердің өздігінен білім алу тақырыбымен жұмыс істеу тәртібі» оқыту семинары
14-06-2021 09:14
Қарағанды облысының ТжКББ ұйымдарының жас инженер-педагог қызметкерлеріне арналған  «Инженер-педагог қызметкерлердің өздігінен білім алу тақырыбымен жұмыс істеу тәртібі» оқыту семинары

2021 жылдың 14 маусымында Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Қарағанды агротехникалық колледжі» КММ-мен бірлесіп Қарағанды облысының ТжКББ ұйымдарының жас инженер-педагог қызметкерлері үшін «Инженер-педагог қызметкерлердің өздігінен білім алу тақырыбымен жұмыс істеу тәртібі» атты оқыту семинарын ұйымдастырып өткізді.

Семинарға ZOOM  платформасы мен YouTube-каналына облыс колледждерінің 115 жас инженер-педагог қызметкерлері  қатысты.

Іс-шара барысында колледждің келесі инженерлік-педагогикалық қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісті:

Коровина Наталья Нуркеновна, «Қарағанды агротехникалық колледжі» КММ директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, тақырыбы: «Инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің өздігінен білім алу нысандары, әдістері мен құралдары»;

Байсаринова Толкын Абаевна, «Қарағанды агротехникалық колледжі» КММ әдіскері, тақырыбы: «Инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің өздігінен білім алуы бойынша жеке жұмыс жоспарын құру бойынша әдістемелік ұсыныстар».

Спикерлер Н.Н.Коровина мен Т.А.Байсаринова оқыту барысында ИПҚ-нің өздігінен білім алу процесінің барлық қыр-сыры мен аспектілерін ашты; тиімді болатын және айтарлықтай нәтиже беретін дербес білім алу жүйесін әзірледі. ИПҚ-нің өздігінен білім алуы тақырыбы бойынша перспективалық және жылдық жұмыс жоспарларын әзірлеу тәжірибесі пысықталды. Семинарға қатысушылар өздігінен білім алу жеке жоспары қалай әзірленетінін, ол үшін қандай дағдылар қажет екенін, өздігінен білім алудың мақсатына қалай қол жеткізілетінін зерттеді. Оқыту семинары барысында алынған білім мен дағдылар жас ИПҚ-дің тұлғалық, кәсіби, шығармашылық және интеллектуалдық өзін-өзі жетілдіруіне ықпал етуі тиіс.

Ұйымдастырушылар мен қатысушылар алғыс хаттармен және сертификаттармен марапатталды.