«Тау-кен ісі» бағыты бойынша ОӘБ отырысы
17-06-2021 14:28
«Тау-кен ісі» бағыты бойынша ОӘБ отырысы

2021 жылдың 17 маусымында «Тау-кен ісі» бағыты бойынша колледж оқытушыларының қорытынды отырысы өтті.

Іс-шара Zoom платформасында өтті және бірлестіктің оқу жылындағы жұмысының нәтижелеріне арналды.

Отырысқа облыстың 6 колледжінен 14 педагог қатысты. Шахтинск технологиялық колледжінің оқытушысы Маевская И.А. және Саран техникалық  колледжінің оқытушысы Тажинин Б.М.  өз тәжірибелерімен бөлісті. 

Жұмыс нәтижелері бойынша әдістемелік бірлестік шеңберінде колледж оқытушыларына арналған әдістемелік өнімдер байқауын 2022 жылға жоспарлау туралы шешім қабылданды.