ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАР ТӘРБИЕШІЛЕРІНІҢ ФЕСТИВАЛІ
22-06-2021 17:30
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАР ТӘРБИЕШІЛЕРІНІҢ ФЕСТИВАЛІ

2021 жылдың 22 маусымында Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесіп мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешілерінің фестивалін өткізді.

Форумның мақсаты: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

ФЕСТИВАЛЬ екі бағытта өтті: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың 6 өзекті тақырыбы бойынша «Даму, тәрбие және оқыту үдерістеріне тәсілдерді өзгерту», онымен қоса 6 онлайн-кездесу өткізді. Онлайн-кездесулердің спикерлері болып Қарағанды облысы РО ОӘО және Қарағанды қаласының ПШО әдіскерлері болды.

Мектепке дейінгі марафон-мектепке дейінгі білім берудің үздік тәжірибелерін анықтауға және  іс тәжірибесін таратуға бағытталған.

Онлайн кездесулер:

1. Мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік-коммуникативтік және тілдік дамуы. Қарағанды, Шахтинск, Теміртау қалалары қатысты

2. Бала тұлғасының әлеуетін танымдық және шығармашылық дамыту. Оған Теміртау қаласы, сондай-ақ Абай, Осакаров, Шет аудандары қатысты.

3. Функционалдық сауаттылықты игеру және мектеп жасына дейінгі балалардың ерте дамуы. Балқаш, Саран, Қарағанды қалалары, сондай-ақ Ұлытау ауданы.

4. Мектеп жасына дейінгі балалардың рухани-адамгершілік және көркемдік-эстетикалық дамуы. Шараға Сәтбаев, Приозерск, Нұра және Осакаров аудандарының педагогтары қатысты.

5. Мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық дамуы. Қатысушылар: Жезқазған, Шахтинск қалалары, Жаңаарқа және Осакаров аудандары.

6. Баланы сандық кеңістіктегі ортаға бейімдеу. Қарағанды, Саран, Балқаш қалалары қатысты.

Мектепке дейінгі марафон Қарағанды қаласының «Бәйтерек» б/б, Саран қаласының «Березка» б/б, Шахтинск қаласының, Шахан кентінің «Березка» б/б, Қарағанды қаласының «Тілек» б/б педагогтарының жұмыс тәжірибесін ұсынды.

Фестиваль жұмысына Қарағанды облысының мектепке дейінгі ұйымдарының 600-ден астам педагогы қатысты.

Фестиваль әріптестерінің пікірінше, жоғары кәсіби деңгейде өтті, конференцияға қатысушылардың жалпы көңіл-күйі үлкен қызығушылық тудырып, жоба аясында одан әрі ынтымақтастық орнатылды.