Қарағанды облысының колледж студенттері арасындағы «Мультимедиалық жоба-Ғасырларға тең жылдар, ғасырларға тең дәуір» облыстық мультимедиалық онлайн байқауы
22-06-2021 16:09
Қарағанды облысының колледж студенттері арасындағы «Мультимедиалық жоба-Ғасырларға тең жылдар,  ғасырларға тең дәуір»  облыстық мультимедиалық онлайн байқауы

2021 жылдың 22 маусымында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ Қарағанды облысында  Білім беруді дамытудың  Оқу-әдістемелік орталығымен бірлесе  Қарағанды облысының колледж студенттері арасында «Мультимедиалық жоба - Ғасырларға тең жылдар, ғасырларға тең дәуір» атты облыстық мультимедиалық онлайн байқауын өткізді. 

Байқау нәтижесі ZOOM платформасында онлайн режимде өткізілді. Сайысқа студенттерден 15 өтінім түсті. Барлық мультимедиалық жобалар қарастырылып, сайыс шарттары бойынша тиісті бағаланып, нәтижесінде аталымдар бойынша жеңімпаздар анықталды. 

«БЕЙНЕТҮСІРІЛІМ ЖӘНЕ МОНТАЖДАУ» аталымы бойынша жүлдегерлер:

1 орын – «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тарихи рөлі» тақырыбымен «Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі» КМК студенті Сатиева Инабат Қанатқызы;

2 орын – «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тарихи рөлі» тақырыбымен «Жезқазқан қаласының жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК студенті Тұрлыбек Нұрай Аманжолқызы;

3 орын – «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тарихи рөлі» тақырыбымен «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенті Филимонов Денис Алексеевич пен Инновациялық технологиялар колледжі ҚарТУ студенті Климов Денис.

«МУЛЬТИПЛИКАЦИЯЛЫҚ ӘЛЕМ» аталымы бойынша жүлдегерлер:

1 орын – «Қарағанды технология және сервис колледжі» КММ студенті Усентаев Дастан Асланович;

«АНИМАЦИЯЛЫ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ПРЕЗЕНТАЦИЯ» аталымы бойынша жүлдегерлер:

1 орын – «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тарихи рөлі» тақырыбымен «Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК студенті Хамзин Айат Қайратұлы;

2 орын – «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тарихи рөлі» тақырыбымен «Қарағанды теміржол колледжі» КММ студенті Савченко Анастасия Андреевна.

Байқау жеңімпаздары мен жетекшілері Қарағанды облысында  білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.