Кәсіптік бағдар беру жұмысы үйлестірушілерінің кәсіби шеберлігінің «Үздік кәсіптік бағдар беруші» облыстық қашықтықтан онлайн байқауы
25-06-2021 15:24
Кәсіптік бағдар беру жұмысы үйлестірушілерінің кәсіби шеберлігінің «Үздік кәсіптік бағдар беруші» облыстық қашықтықтан онлайн байқауы

 

2021 жылдың 25 маусымында  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу–әдістемелік орталығы «Үздік кәсіптік бағдар беруші» облыстық қашықтықтан онлайн байқауын өткізді.

Білім беру ұйымдарының кәсіптік бағдар беру жұмысы жеке тұлғаның жеке ерекшеліктерін де, еңбек ресурстарын аймақтың нарықтық экономикасында толық бөлу қажеттілігін ескере отырып, жастарды мамандықты еркін және өз бетінше таңдауға дайындауға бағытталған. Білім беру қызметтері нарығының дамуының қазіргі жағдайында білім беру ұйымдары қызметінің сипаты және оларды басқару әдістері өзгеруде, бұл кәсіптік бағдарлау жұмысының маңыздылығын арттыруға ықпал етеді. Кәсіптік бағдарлау әсері кәсіптік бағдарлау жұмысының уақтылығына, оның мақсаттылығы мен оңтайлылығына, нысандары мен әдістеріне байланысты, олардың тізімі кең және алуан түрлі. Барлық педагогикалық қоғамдастықтың міндеттерінің бірі кәсіптік бағдар беру жұмысының жаңа түрлерін игеру және енгізу болып табылады.

Байқау колледждер қызметінде кәсіптік бағдар беру жұмысының заманауи нысандарын пайдалану жөніндегі бастамаларды қолдауға және мектеп оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысының инновациялық нысандарын қолдану саласында тәжірибені тираждау үшін жағдай жасауға бағытталған.

Байқаудың нәтижелері ZOOM платформасында онлайн режимде өтті.

Ұсынылған байқау материалдары қаралып, критериалды бағаланып, келесі жеңімпаздар анықталды:

1 орын – «Нұра көпсалалы колледжі» КМҚК әдіскері Альшимбаев Амангельды Ансариевич;

2 орын – «Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжі» КММ директорының кәсіби оқыту жөніндегі орынбасары Есенкулова Райхан Маратовна;

3 орын – «Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі» ЖММ жастар алқалық кеңесінің координаторы Рахатжан Рийган; кәсіби бағдар беру маманы Макетова Ардак Рымхановна.

Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.