«Мемлекеттік Рәміздер - бейбітшілік, тұрақтылық және қауіпсіздік нышандары» Қашықтықтан онлайн Флеш-мобы
28-06-2021 16:27
«Мемлекеттік Рәміздер - бейбітшілік,  тұрақтылық және қауіпсіздік нышандары» Қашықтықтан онлайн Флеш-мобы

2021 жылдың 28 маусымында  «Қарағанды коммерциялық  колледжі» ЖММ Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде  «Мемлекеттік Рәміздер - бейбітшілік,  тұрақтылық және қауіпсіздік нышандары» облыстық қашықтықтан онлайн Флеш-мобын өткізді.

Бұл онлайн байқауға  Қарағанды облысының 8  колледжі қатысты. 

Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

1 орын -   «Патриот»  командасы,  «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, жетекшісі Камарова А.Р;

2 орын - «NMK. RZ»   командасы,  «Нұра көпсалалы колледжі» КМҚК, жетекшісі Баймагамбетова Ф.К.;

3 орын  – «А»  командасы, «Жезқазған гуманитарлық колледжі» КМҚК, жетекшісі  Шәуенова Г.А.

Байқау соңында жеңімпаздар дипломдармен, студенттер жұмыстарының жетекшілері Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының алғыс хаттарымен марапатталды.