2021 жылдың 28 маусымында «Қарағанды коммерциялық колледжі» ЖММ Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде «Мемлекеттік Рәміздер - бейбітшілік, тұрақтылық және қауіпсіздік нышандары» облыстық қашықтықтан онлайн Флеш-мобын өткізді.
Бұл онлайн байқауға Қарағанды облысының 8 колледжі қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
1 орын - «Патриот» командасы, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, жетекшісі Камарова А.Р;
2 орын - «NMK. RZ» командасы, «Нұра көпсалалы колледжі» КМҚК, жетекшісі Баймагамбетова Ф.К.;
3 орын – «А» командасы, «Жезқазған гуманитарлық колледжі» КМҚК, жетекшісі Шәуенова Г.А.
Байқау соңында жеңімпаздар дипломдармен, студенттер жұмыстарының жетекшілері Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының алғыс хаттарымен марапатталды.