«Қабылдау кампаниясының жұмысын ұйымдастыру - кәсіби бағдардың психологиялық және ақпараттық құралдары» тақырыбындағы колледждердің қабылдау кампаниясының мүшелеріне арналған семинар
28-06-2021 15:55
«Қабылдау кампаниясының жұмысын ұйымдастыру - кәсіби бағдардың психологиялық және ақпараттық құралдары» тақырыбындағы колледждердің қабылдау кампаниясының мүшелеріне арналған семинар

2021 жылдың 28 маусымында  Zoom платформасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік  орталығы «Қабылдау кампаниясының жұмысын ұйымдастыру - кәсіби бағдардың психологиялық және ақпараттық құралдары» тақырыбындағы колледждердің қабылдау кампаниясының мүшелеріне арналған семинар өткізді.

Семинарға облыс колледждерінен ZOOM платформасы арқылы 66 қабылдау кампаниясының мүшелері қатысты.

Іс-шара барысында облыс колледждердің келесі инженерлік-педагогикалық қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісті:

1. Баяндама: «Кәсіптік бағдар беру жұмысындағы психологиялық құралдар» - Серикова Сауле Канатовна; «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК педагог-психологы Козлова Елена Оскаровна, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК педагог-психологы;

2.  Баяндама: «Кәсіби бағдарлау бойынша практикалық ұсыныстар және жұмыстың жаңа түрлері» - Саворовская Вера Евгеньевна, «Қарағанды агротехникалық колледжі» КММ, педагог-психологы;

3. Баяндама: «Кәсіби сынамалардың мазмұны және оларды орындау кезеңдері» - Байгошкаров Галымжан Муратович, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ кәсіптік бағдар беру орталығының үйлестірушісі, қосымша білім беру педагогы;

4. Баяндама: «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды колледжге қабылдауды ұйымдастырудағы психологтың рөлі» - Шаповалова Татьяна Юрьевна, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ педагог-психологы.

Аталған барлық баяндамалар қабылдау кампаниясының мүшелерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етті.

Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс хаттар және сертификаттар табысталды.