Инновациялық мектептері директордың орынбасарларының секциялық отырысы
13-08-2021 21:49
Инновациялық мектептері директордың орынбасарларының секциялық отырысы
2021 жылдың 13 тамызында ZOOM платформасы арқылы онлайн
режимінде инновациялық мектептері директордың орынбасарларының
«Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі оқушылардың функционалдық
сауаттылығын дамытудың негізі» тақырыбында секциялық отырысы өтті.
Мақсаты: 2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарындағы оқу процесін
ұйымдастырудың ерекшеліктерімен танысу, негізгі мәселелерді талдау және
талқылау. Секция отырысы барысында директордың орынбасарлары мынадай
мәселелерді қарастырды:
2021-2022 оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастырудың
ерекшеліктері;
Педагогтердің ғылыми – әдістемелік, кәсіби қызметін қамтамасыз
етудің өзекті мәселелері;
Оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша
жұмысты ұйымдастыру;
Мектеп пен отбасының өзара байланысы
Секциялық отырыста өткен оқу жылының қорытындысы бойынша
жүргізілген жұмыстың нәтижелері бағаланды, туындаған мәселелер
анықталып,талқыланды, даму перспективалары нақтыланды.