2021 жылғы 16 тамызда онлайн режимде ZOOM платформасында«Білім сапасы:жағдайдан тиімді нәтижеге дейін»дене шынықтыру мұғалімдерінің тамыз конференциясының секциялық отырысы өтті.
Іс -шараның мақсаты: Бірыңғай кеңістік құру арқылы педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру: білім алушылардың дене даярлығының орнын толтыру, функционалдық сауаттылықты және салауатты өмір салтын дамыту.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша өзекті мәселелерді талқылау барысында келесі ұсынымдар әзірленді:
1. .Екінші кезең «Біз біргеміз» жобасы арқылы дене сауаттылығын дамыту бойынша жұмысты жандандыру.
2. Дене белсенділігінің нысандары мен әдістерін енгізу.
3. Бейне сабақтар, физикалық жаттығулар туралы мәліметтер банкін жасау.
4. Ғылыми-практикалық конференциялар, конкурстар, олимпиадалар ұйымдастыру, жобаларды іске асыру арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жүйелі түрде арттыру.
5. Облыс, республика деңгейінде педагогтардың жұмыс тәжірибесін жинақтау.
Барлығы 100 адам қамтылды.