ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ТАМЫЗ КЕҢЕСІН ӨТКІЗУ СЕКЦИЯЛЫҚ АЛАҢЫ
16-08-2021 17:07
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ТАМЫЗ КЕҢЕСІН ӨТКІЗУ  СЕКЦИЯЛЫҚ АЛАҢЫ

2021 жылғы 16 тамызда онлайн режимде ZOOM платформасында«Білім сапасы:жағдайдан тиімді нәтижеге дейін»дене шынықтыру мұғалімдерінің тамыз конференциясының секциялық отырысы өтті.

Іс -шараның мақсаты: Бірыңғай кеңістік құру арқылы педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру: білім алушылардың дене даярлығының орнын толтыру, функционалдық сауаттылықты және салауатты өмір салтын дамыту.

«Дене шынықтыру» пәні бойынша өзекті мәселелерді талқылау барысында келесі ұсынымдар әзірленді:

1.           .Екінші кезең «Біз біргеміз» жобасы арқылы дене сауаттылығын дамыту бойынша жұмысты жандандыру.

2.           Дене белсенділігінің нысандары мен әдістерін енгізу.

3.           Бейне сабақтар, физикалық жаттығулар туралы мәліметтер банкін жасау.

 

4.           Ғылыми-практикалық конференциялар, конкурстар, олимпиадалар ұйымдастыру, жобаларды іске асыру арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жүйелі түрде арттыру.

5.           Облыс, республика деңгейінде педагогтардың жұмыс тәжірибесін жинақтау.

Барлығы 100 адам қамтылды.