Тамыз кеңесінің «ТжКББ ұйымдарында инклюзивті білім: теориядан практикаға дейін» тақырыбындағы секциялық отырысы
2021 жылдың 19 тамызында тамыз кеңесінің «ТжКББұйымдарында инклюзивті білім: теориядан практикаға дейін» тақырыбындағы ТжКББ ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, дене шынықтыру және АӘжТДоқытушыларына арналған секциялық отырысы өтті.
Шараның құрметті қонақтарыБегалиева З.О., «IteachMe» қоғамдық қорының директоры және Сюй-фу-шун Н.В., Бөкетов атындағы ҚарУ арнайы және инклюзивті білім беру кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, докторант болды.
Секция жұмысы барысында келесі мәселелер қаралды:
- «Abilympics және DeafSkills – ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың белсенді әлеуметтенуін дамыту институттары», Жуманбаева К.А., «Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі» КММ директорының орынбасары;
-
«Ерекше көзқарасты қажет ететін немесе ерекше білім беруге қажеттілігі бар
оқушыларға кәсіптік бағдар беру», Кахарман А.К., «Қарсақпай агротехникалық колледжі» КММ директорының орынбасары; - «Педагог-психологтың ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды бейімдеу мен әлеуметтендіру бойынша жұмысының негізгі бағыттары», Шаповалова Т.Ю., «Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі» КММ педагог-психологы;
- «Мүмкіндектері шектеулі студенттік жастардың арасында дене шынықтыру сабағын ұйымдастыру және өткізу», Аханов Е.А., «Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі» КММ оқытушысы.
Шараға облыс колледждерінен 100 директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, дене шынықтыру және АӘжТД оқытушыларықатысты.