Тамыз кеңесінің «ТжКББ ұйымдарында инклюзивті білім: теориядан практикаға дейін» тақырыбындағы секциялық отырысы
19-08-2021 18:37
Тамыз кеңесінің  «ТжКББ ұйымдарында инклюзивті білім: теориядан практикаға дейін» тақырыбындағы секциялық отырысы

2021 жылдың 19 тамызында тамыз кеңесінің  «ТжКББұйымдарында инклюзивті білім: теориядан практикаға дейін» тақырыбындағы ТжКББ ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, дене шынықтыру және АӘжТДоқытушыларына арналған секциялық отырысы өтті.

Шараның құрметті қонақтарыБегалиева З.О., «IteachMe» қоғамдық қорының директоры және Сюй-фу-шун Н.В., Бөкетов атындағы ҚарУ арнайы және инклюзивті білім беру кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, докторант болды.

Секция жұмысы барысында келесі мәселелер қаралды:

  • «Abilympics және DeafSkills – ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың белсенді әлеуметтенуін дамыту институттары», Жуманбаева К.А., «Қарағанды ​​техникалық-құрылыс колледжі» КММ директорының орынбасары;
  • «Ерекше көзқарасты қажет ететін немесе ерекше білім беруге қажеттілігі бар
    оқушыларға кәсіптік бағдар беру», Кахарман А.К., «Қарсақпай агротехникалық колледжі» КММ директорының орынбасары;
  • «Педагог-психологтың ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды бейімдеу мен әлеуметтендіру бойынша жұмысының негізгі бағыттары», Шаповалова Т.Ю., «Қарағанды ​​техникалық-құрылыс колледжі» КММ педагог-психологы;
  • «Мүмкіндектері шектеулі студенттік жастардың арасында дене шынықтыру сабағын ұйымдастыру және өткізу», Аханов Е.А., «Қарағанды ​​техникалық-құрылыс колледжі» КММ оқытушысы.

Шараға облыс колледждерінен 100 директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, дене шынықтыру және АӘжТД оқытушыларықатысты.