Математика және физика оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыру отырысы
23-08-2021 14:32
Математика және физика оқытушыларының  облыстық әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыру отырысы

2021 жылдың 23 тамызында облыс колледждерінің математика және физика оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының аясында онлайн форматта ұйымдастыру отырысы өтті.

Бағдарламаға сәйкес «2021-2022 оқу жылына ОӘО жұмысын жоспарлау туралы» және «Оқытушылар мен студенттердің облыстық іс -шараларға қатысуы туралы» тақырыптарындағы сұрақтар қаралды.

Шараға облыс колледждерінің 45 математика және физика оқытушылары қатысты.