«Шаштараз өнері» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыру отырысы
25-08-2021 09:17
«Шаштараз өнері» бағыты бойынша  облыстық әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыру отырысы

2021 жылдың 25 тамызында облыс колледждерінің «Шаштараз өнері» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының аясында онлайн форматта ұйымдастыру отырысы өтті.

Бағдарламаға сәйкес «2021-2022 оқу жылына ОӘО жұмысын жоспарлау туралы» және «Оқытушылар мен студенттердің облыстық іс -шараларға қатысуы туралы» тақырыптарындағы сұрақтар қаралды.

Шараға облыс колледждерінің «Шаштараз өнері» бағыты бойынша 15 өндірістік оқыту шеберлері және арнайы пәндер оқытушылары қатысты.