«Цифрлық әлемге қадамдар» облыстық жобасы аясында ақпараттық сауаттылығын дамыту жөніндегі жұмыс тобының отырысы
25-08-2021 10:31
«Цифрлық әлемге қадамдар» облыстық жобасы аясында   ақпараттық сауаттылығын дамыту жөніндегі жұмыс тобының отырысы

2021 жылдың 25 тамызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы онлайн режимде ZOOM платформасында «Цифрлық әлемге қадамдар» облыстық жобасы аясында Қарағанды облысы педагогтерінің ақпараттық және компьютерлік сауаттылығын дамыту жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізді.

Отырыс барысында ақпараттық сауаттылық апталығын өткізу бағдарламасы, сондай-ақ 2021-2022 оқу жылына арналған «Цифрлық әлемге қадамдар» облыстық жобасы аясында өткізілетін іс-шаралар талқыланды.