Математика пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы
26-08-2021 10:36
Математика пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы

2021 жылдың 26 тамызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы мамандандырылған мектеп-интернаттарының математикапәні мұғалімдерініңоблыстық әдістемелік бірлестік отырысы өткізілді.

Отырыс бағдарламасында төмендегі мәселелер қаралды:

  • Дарынды балалармен атқарылатын жұмыс түрлері.
  • Матемематика пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.
  • Білім беруде олқылықтардың орнын толтыру.
  • Жаһандық құзыреттілікті қалыптастыру.

Осы мәселелер бойынша келесі мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісті:

  • Адамбаев Ж. Қ., Тлеуғабыл Е.Т.,  «Зияткер» ММИ математика пәнінің мұғалімі;
  • Майкопова Т.А.,  Жамбыл  атындағы ММИ математика пәнінің мұғалімі;
  • Губерт А.С., «Дарын» ММИ математика пәнінің мұғалімі.