Математика пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы
2021 жылдың 26 тамызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы мамандандырылған мектеп-интернаттарының математикапәні мұғалімдерініңоблыстық әдістемелік бірлестік отырысы өткізілді.
Отырыс бағдарламасында төмендегі мәселелер қаралды:
- Дарынды балалармен атқарылатын жұмыс түрлері.
- Матемематика пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.
- Білім беруде олқылықтардың орнын толтыру.
- Жаһандық құзыреттілікті қалыптастыру.
Осы мәселелер бойынша келесі мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісті:
- Адамбаев Ж. Қ., Тлеуғабыл Е.Т., «Зияткер» ММИ математика пәнінің мұғалімі;
- Майкопова Т.А., Жамбыл атындағы ММИ математика пәнінің мұғалімі;
- Губерт А.С., «Дарын» ММИ математика пәнінің мұғалімі.